Дағдарысқа қарамастан елордада 8 мектеп пен 5 балабақшаның құрылысы салынып бітеді ? Білім басқармасының бастығы

АСТАНА. Наурыздың 13-і. ҚазАқпарат /Жасұлан Жолдыбаев/ - Астанада құрылысы басталған 8 мектеп пен 5 балабақша салынып бітеді. Бұл туралы бүгін қала мектептерінің мұғалімдеріне Елбасы Жолдауын түсіндіруге арналған интерактивті сабақ барысында Астана әкімдігі Білім басқармасының бастығы Әсима Бимендина мәлім етті,

Дағдарысқа қарамастан елордада 8 мектеп пен 5 балабақшаның құрылысы  салынып бітеді ? Білім басқармасының бастығы
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оның айтуынша, Елбасының Жолдауына сәйкес қаладағы білім мекемелерінің ескі нысандарын күрделі жөндеуден өткізу жоспарланған. «Астанадағы 4 мектеп пен бір балалар үйіне күрделі жөндеу жасалады. Оған бюджеттен 180 млн. теңге бөлінді. Сонымен қоса, Алматы ауданы әкімдігіне 5 мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерін әрлеуге 100 млн. теңге қарастырылған. Ал Сарыарқа ауданының әкімдігіне қарасты балабақшаларды жөндеуге 174,2 млн. теңге бөлінді», деп атап көрсетті ол.