Дағдарысқа қарамастан, теміржол көлігінің жолаушылары азаймай отыр
АСТАНА. Тамыздың 6-сы. ҚазАқпарат /Гүлнәр Жандағұлова/ - Ағымдағы жылдың мамыр-маусым айларында Астанадан теміржол көлігімен жөнелтілген жолаушылардың саны 378 643 адамды құраған. ҚазАқпарат тілшісіне бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамының баспасөз қызметінен хабарлады.
Былтырғы жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіш 360 634 жолаушы болған. Компанияның баспасөз қызметінен хабарлағанындай, дағдарысқа қарамастан, теміржол көлігімен жол жүрушілердің саны азаймай отыр.
Ал 2009 жылдың І жартыжылдығындағы жолаушылар айналымы 7 168 417 адамды құраған. 2008 жылы бұл көрсеткіш 6 860 496 жолаушы болған.
Бұл мәліметтер барлық сатылған билеттердің негізінде алынып отыр, деп хабарлады «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамының баспасөз қызметінен.