Дағдарысқа қарсы 2016 жылға арналған қосымша жедел шаралар жоспары әзірленді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Дағдарысқа қарсы қосымша жедел шаралар 4 бағыт бойынша қалыптастырылды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев мәлім етті.
None
None

«Үкімет Мемлекет басшысының 2016 жылғы 10 ақпандағы Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын орындау үшін 2016 жылға арналған дағдарысқа қарсы қосымша жедел шаралар жоспарын әзірледі. Дағдарысқа қарсы қосымша жедел шаралар 4 бағыт бойынша қалыптастырылды», - деді министр.

Оның сөзіне қарағанда, аталған бағыттардың біріншісі ақша-несие саясатының тиімділігін арттыру және қаржылық тұрақтылықты қолдауға негізделген.

Екіншісі, «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде экономиканы қолдау жөніндегі шараларды кеңейтуді көздейді.

Үшінші бағыт шағын және орта бизнесті және экономиканың негізгі салаларын қолдауға арналса, ал төртіншісі іскерлік белсенділік пен халықты жұмыспен қамтуды қолдауды қарастырады.

Соңғы жаңалықтар