20:00, 25 Мамыр 2009 | GMT +5
Дағдарысқа қарсы бағдарламаның бір құралы ? ҚР Үкіметі жанындағы Дағдарысқа қарсы кеңес
АЛМАТЫ. Мамырдың 25-і. ҚазАқпарат /Дәурен Жайлин/ - Экономикадағы тұрақтылық көп жағдайда бірлескен тиімді іс-қимылдар мен шешімдерге тікелей қатысты, сондай-ақ еліміздің дағдарыстан кейінгі дамуы үшін дәл қазір оның негізін қалауға болады.
Бұл жөнінде бүгін Алматыда өткен National Business Forum-2009 spring жиынында ҚР Үкіметі жанындағы Дағдарысқа қарсы кеңестің орынбасары Райымбек Баталов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Әлемдік дағдарыстың тегеурініне шыдауға және елдегі ахуалды дұрыстауға Қазақстанда барлық қажетті ресурстар жеткілікті, деп есептейді кәсіпкерлер. «Бізде дағдарысқа қарсы бағдарлама мен оны жүзеге асыратын тетік бар. Сондай тетіктің бірі ? консультативтік кеңес органы саналатын ҚР Үкіметі жанындағы Дағдарысқа қарсы кеңес болып табылады. Ол кәсіпкерлер қоғамдастығының бастамашылығымен құрылды. Мақсат ? мемлекеттік, қоғамдық институттар мен бизнес-қоғамдастық ұстанымдарын шоғырландыру негізінде әкімшілік кедергілерді төмендету, экономикалық саясат пен реформалау жөнінде ұстанымдар мен ұсыныстар жасау»ғ - деді ол.Дағдарысқа қарсы кеңес құрылғалы кәсіпкерлер экономиканы тұрақтандыру жөніндегі шұғыл шараларды жасауға және оларды жүзеге асыруға ең қысқа жолмен қатысудың бірегей мүмкіндігіне ие болды. «Бұған дейін мұндай басқосу алаңы болған емес», - деп атап өтті танымал кәсіпкер.Р.Баталов Дағдарысқа қарсы кеңестің құрылымын таныстырды. Оның төрағасы ? ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов, орынбасарлары ? ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Серік Ахметов және Райымбек Баталовтың өзі. Оның айтуына қарағанда, мұндай мемлекеттік-жеке кәсіпкерлік әріптестік үрдісі Дағдарысқа қарсы кеңестің барлық құрылымында бар көрініс. Өйткені, «Нұр Отан» ХДП атынан төрағаның бірінші орынбасары Дархан Кәлетаев, ҚР Президенті Әкімшілігі атынан Мемлекет басшысының көмекшісі, ҚР Парламенті атынан ? депутат Гүлжан Қарағұсова, Бас прокуратура атынан ? ҚР Бас прокурорының орынбасары мүшелер қатарында. Кеңеске ҚР Сауда-өнеркәсіп палатасы, Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы, «Атамекен» одағы, Қазақстан кәсіпкерлер форумы, Құрылысшылар қауымдастығы және аграрлық сектор секілді ірі қоғамдық бірлестіктердің өкілдері кіріп отыр.