Дағдарысқа қарсы тиімділік индексі бойынша Қазақстан Ресей мен Украинадан озық тұр

АСТАНА. Шілденің 8-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Дағдарысқа қарсы тиімділік индексі бойынша Қазақстан Ресей мен Украинадан озық тұр. «ТМД елдері және әлемдік дағдарыс: ортақ проблемалар және түрлі әдістемелер» атты Ресейдің ФБК аудиторлық-консалтингтік  компаниясының сараптамалық баяндамасында осындай тұжырым жасалған,
None
None

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Баяндамада атап көрсетілгеніндей, Ресей, Украина және Қазақстан елдерінің ішінде біздің мемлекеттегі экономикалық жағдай барынша тұрақты күйінде қалып отыр.  «Дағдарыс жағдайындағы 2008 жылдың соңғы төрт айында Қазақстанның экономикалық серпінінің көрсеткіштері ТМД елдеріндегі, батыс елдеріндегі  көрсеткіштерден өзгеше болуын жалғастырды. Тек 2009 жыл басталысымен Қазақстан дағдарыстың әсерін сезінді. Оның экономикалық серпінінің көрсеткіштері батыс елдерінің көрсеткішіне төмендеп кетті. Алайда Ресей және Украина тобында Қазақстан даусыз көшбасшы болып отыр. Дағдарысқа қарсы тиімділік индексі бойынша Қазақстан Ресей мен Украинадан озық тұр», делінген ФБК компаниясының сараптамасында.

Соңғы жаңалықтар