Дағдарысқа қарсы жұмсалған қаражаттың шамамен 350 млрд. теңгесі мерзімінен бұрын қайтарылды - Е.Досаев

Бүгін Парламент Сенатында «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының жарлығық капиталын арттыруға бөлінген бюджет қаражаттарын пайдалану тиімділігі» тақырыбында өткен Үкімет сағатында Экономикалық даму және сауда министрі Ерболат Досаев осылай мәлім етті.
«Қайтарылған қаражаттар ел экономикасын сауықтыру шараларына қайта жолданатын болады. Осының өзі еліміздің экономикалық дамуына оң әсер етпек», - деді министр.
Оның айтуынша, Үкіметтің дағдарысқа қарсы бағдарламасының барлық қаражаты мақсатқа сай пайдаланылып, игерілген. «Бұдан экономиканың тұрақтылығы мен өсімін қамтамасыз етіп қана қоймай, дағдарыстан кейінгі жедел дамуға мүмкіндік берді деген қорытынды жасауға болады. Мәселен, 2010 жылы жалпы ішкі өнімнің өсімі 7,3 пайызды, ал 2011 жылы 7,5 пайызға жетуі соның айғағы»,-деді Е. Досаев.