Дағдарысқа қатысты терминологияны қолданған кезде мұқият болу керек ? «Экономикалық талдаулар институты» қорының президенті
АЛМАТЫ. Сәуірдің 15-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Дағдарысқа қатысты терминологияны қолданған кезде мұқият болу керек. Бұл жайлы бүгін Алматыда өтіп жатқан тәуекел менеджменті туралы 5-ші халықаралық конференцияда айтылды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Соңғы бір жарым жылдың ішінде дағдарысқа қатысты жарық көрген материалдарда әлемдік қаржы дағдарысы деген термин жиі қолданылуда. Оны бүгінгі конференциядан да айқын аңғаруға болады. Дағдарыс ең алдымен аумағына қатысты - ұлттық, аймақтық және әлемдік деп жіктеледі», - дейді «Экономикалық талдаулар институты» қорының президенті Андрей Илларионов. Оның айтуынша, дағдарыс аумағы, сипаты, түрі, саласы және тағы басқа қырлары бойынша жіктеледі. Сол себепті дағдарысқа қатысты терминологияны қолданған кезде оларды шатастыруға болмайды. Мәселен, әлемдік және бүкіләлемдік деген терминнің өзі әртүрлі мағынаны білдіреді. Жалпы қазіргі таңда дағдарыстың қандай да бір түрі белгілі бір салада бүкіл әлемді толық қамтып отырған жоқ. Ол әр елде әрқилы деңгейде.