Дағдарыстан ел болып шығу үшін ұсақ шаруа қожалықтарын біріктіріп, үлкен құрылым жасақтаған дұрыс ? ардагер пікірі

ОРАЛ. Сәуірдің 8-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Биылғы Елбасы Жолдауында ауыл шаруашылығына да ерекше көңіл бөлінді. Осыған орай дағдарыстан ел болып шығу үшін алдағы бір-екі жылда ұсақ шаруа қожалықтарын біріктіріп, үлкен құрылым жасақтаған дұрыс болар еді.

Дағдарыстан ел болып шығу үшін ұсақ шаруа қожалықтарын біріктіріп, үлкен құрылым жасақтаған дұрыс ? ардагер пікірі
Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне Сырым аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Отарбай Сарғозыұлы мәлім етті. Оның айтуынша, астық дүние жүзінде үлкен сұранымға ие, сондықтан осыны естен шығармай, сапалы астық сатуды ойластырған жөн. Халық тұтынатын азық-түлікті шеттен сатып алуды біртіндеп тоқтатып, өзімізден шығарып, қаржының сыртқа кетпеуіне жетісу керек. Бағаны шектеуге бақылауды күшейтіп, қымбаттауды ырықтандырған абзал. Табиғи байлықты қатаң есепке алып, шетке кетпеуін қадағалаған орынды болмақ. Сондай-ақ жерді сатуды тыйып, осы өмірлік байлық мемлекеттің бақылауында болса, болашағымыз үшін алаңдамас едік. Ел басқарудың тетігін жетілдіріп, ары таза, ел мүддесін жоғары қоятын, қазіргі парақорлық пен сыбайластық дертінен ада кадрларға үміт артылса дейміз. Бұл кезеңнен қалың бұқарамен пәрменді жұмыс жүргізу арқылы ғана шыға аламыз. Сонда ғана еліміз дамудың ашық жолына түсіп, көздеген межелер орындалады.