Дағдарыстан кейінгі қалпына келтіру бағдарламасының талаптарына кәсіпорындардың сәйкестігіне сараптамалық қорытынды ұсыну ережелері бекітілді
ТАНА. 31 тамыз. ҚазАқпарат - ҚР Үкіметінің қаулысымен Дағдарыстан кейінгі қалпына келтіру (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) бағдарламасының талаптарына кәсіпорындардың сәйкестігіне салалық органдардың сараптамалық қорытынды ұсыну ережелері бекітілді.
ҚазАқпарат құжаттың мәтінін таратады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
Астана, Үкімет үйі, 2011 жылғы 27 маусым № 711
Дағдарыстан кейінгі қалпына келтіру (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру)бағдарламасының талаптарына кәсіпорындардың сәйкестігіне салалық органдардың сараптамалық қорытынды ұсыну ережелерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Дағдарыстан кейінгі қалпына келтіру (бәсекеге қабілетті кәсіпорындардвы сауықтыру) бағдарламасын бекіту туралы» 2011 жылғы 4 наурыздағы №225 қаулысын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Дағдарыстан кейінгі қалпына келтіру (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) бағдарламасының талаптарына кәсіпорындардың сәйкестігіне салалық органдардың сараптамалық қорытынды ұсыну ережелерін бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімов