Дағдарыстан шығу үшін халықаралық саяси күштердің ұзақ мерзімді проблемаларға қарсы бірігуі керек - Ян Кубиш

АСТАНА. Наурыздың 11-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Дағдарыстан шығу үшін халықаралық саяси күштердің ұзақ мерзімді проблемаларға қарсы бірігуі қажет. Бүгін елордада өтіп жатқан ІІ Астаналық Экономикалық форум аясында БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссияның атқарушы хатшысы Ян Кубиш осылай мәлім етті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Бүгінгі күні дағдарысты еңсеруге қатысты саяси шаралар тек қана қысқа мерзімді проблемаларды қамтып отыр. Соның нәтижесінде, басқа да жедел туындайтын қауіп-қатерлерге жеткілікті көңіл бөлінбей келеді. Мұншалықты шектеулі шаралардың өзі қазіргі туындап отырған проблемаларды шешуде тиімсіз әрі қауқарсыз болып табылады. Және бұның ұзақ жылдарға созылатын теріс құбылыстарға айналып кетуі де ғажап емес. Шындығында, дағдарыстың өзі шапшаң әрекет ету қажеттігін көрсетіп отыр. Сондай-ақ, дағдарысқа қарсы ұзақ мерзімді проблемаларға баса назар аударудың өзі осы күйзелістен шығудың бір жолы болуы мүмкін», деді Ян Кубиш.
Соңғы жаңалықтар