Дағдарысты еңсеру үшін қазақстандықтарға көп әрі сапалы жұмыс істеу керек - М.Мироненко
«Әлемдік дағдарыс қалай дамитыны туралы нақты сценарий жоқ. Мүмкін, БАҚ хабарлағандай, әлемдік экономиканың қатты құлдырауы бола қоймас. Меніңше, аздап төмендеу болады, содан соң тұрақтылық орнайды», - дейді ол.
Сарапшының сөзіне қарағанда, бұл дағдарыс әлемнің әр түкпіріндегі елдер үшін әртүрлі сезілуі ықтимал.
«Кейбір елдер тұрақты өсім көрсетеді және олардың дамуы бір деңгейде қалады. Басқаларына экономиканың құлдырау белсендірек жүрмек. Биылғы жылдың ерекше тұстарының бірі, дағдарыспен қатар геосаяси мәселелер ушығып кетті. Бұл өз кезегінде дағдарыстың одан әрі күшеюіне әкеп соқтыруда», - деп атап өтті М.Мироненко.
Оның ойынша, әлемдегі геосаяси үдерістердің шиеленіскені соншалықты, енді ол бұрынғыдай сипатқа ие бола алмайды.
«Әлемде геосаяси және экономикалық тұрақсыздықтың әсерінен жағымсыз сыртқы ахуал қалыптасып отыр. Соған орай, кейбір елдердің әлеуметтік-экономикалық даму және халықтың әл-ауқатын сақтап қалу үшін ішкі ресурстары мен қорларын қымтауы заңды жағдай. Ал ол үшін бізге көбірек және сапалырақ жұмыс істеу керек», - деп түйді сөзін М.Мироненко.