Дағдарыстың ауыр кезеңі өткерілді - Үкімет басшысы

АСТАНА. Маусымның 8-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Дағдарыстың ауыр кезеңі өткерілді. Бұл туралы бүгін Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалағымен өткен кеңесте Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов мәлім етті,

Дағдарыстың ауыр кезеңі өткерілді - Үкімет басшысы
деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Жалпы дағдарыстың ауыр кезеңі өткерілді. Біз әзірге теріс мөлшерде болсақ та, наурыз айынан бастап біз оң үрдістерді байқап отырмыз. Атап айтқанда, бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша оң өзгерістерге аяқ басуымыздың белгілері бар», - деді Премьер-Министр.