Дағыстандағы терактіні кімдер ұйымдастырғаны белгілі болды

Теракты в Дагестане были скоординированы по целям, задачам и времени — личности боевиков установлены
Фото: РФ Терроризмге қарсы ұлттық комитеті

АСТАНА. KAZINFORM — Дағыстандағы терактіні ұйымдастырушылардың әрекеті «Крокус Сити Холлда» әрекет етушілерге қарағанда «әлдеқайда терең әрі салмақты болды», деп мәлімдеді бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне арналған брифингіде Дағыстан басшысы Сергей Меликов. Бұл туралы Kazinform агенттігінің Ресейдегі меншікті тілшісі хабарлады. 

РФ Терроризмге қарсы ұлттық комитеті ақпарат орталығының хабарлауынша, терроризмге қарсы жүргізілген операция барысында Дербент қаласында екі қылмыскер, Махачкалада үшеуі ұсталған. 

Қарулы шабуылға байланысты Ресей тергеу комитетінің Дағыстандағы тергеу басқармасы РФ ҚК-нің 205 бабы (террористік акт) және 222 бабы (атыс қаруын заңсыз алу, сақтау, алып жүру), сондай-ақ 226 бабы (атыс қаруын ұрлау) бойынша қылмыстық іс қозғады. 

Атыс болған жерде қауіпсіздік органдарының жарылысқа жауапты мамандары жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп, қылмыскерлерді қолдаушылар да іздестірілуде. 

Теракты в Дагестане были скоординированы по целям, задачам и времени — личности боевиков установлены
Фото: РФ Терроризмге қарсы ұлттық комитеті

«Жедел іздестіру және тергеу жұмысы оқиғаның бүкіл фигуранттары анықталғанша жүргізіле береді. Сондай-ақ шетелден қолдау көрсетіп отырғандар да анықталады», -деді Сергей Меликов дағыстандықтарға қарата айтқан бейнеүндеуінде. 

Дүйсенбі күні Махачкалада өткен баспасөз мәслихатында ол екі қалада ұйымдастырылған терактілердің уақыты мен мақсат-міндеттері үйлестірілгенін атап өтті.

Сондай-ақ ол террористердің әрекеті биылғы наурыз айында «Крокус Сити Холлда» жасалған әрекеттен «терең әрі салмақты» болғанын жеткізді. 

«Қылмыскерлер бір мезетте төрт террористік акт ұйымдастырып, сол арқылы құқық қорғау және күш-қуат құрылымдарының жұмысын тығырыққа тіреп, жауапкершіліктен де, тұтқындалудан да аман құтылып кетеміз деген ойда болған сияқты», -деді Дағыстан басшысы. 

Бүгінгі таңда Дағыстандағы синагога мен шіркеуілерге шабуылдаған содырлардың кім екені анықталған. 

Теракты в Дагестане
Фото: РФ Терроризмге қарсы ұлттық комитеті

Бірқатар ресейлік телеграм-арнаның хабарлауынша, Дағыстанда көзі жойылған екі содыр Осман мен Әділ Омаровтар — Серкагалинск ауданының басшысы Магомед Омаровтың балалары. 

Baza Telegram-арнасының хабарлауынша, содырлардың бірі — Абдусамад Амадзиев. 

Mash Telegram-арнасы содырлардың бірі Абдулманап Нурмагамедов мектебінің тәрбиеленушісі, аралас жекпе-жек шебері Гаджимурад Кагиров болуы мүмкін екенін хабарлады. 

Серкагалинск ауданының басшысы М.Омаров жексенбі күні тұтқындалып, оның үйіне тінту жүргізілді.

Ол отставкаға өтініш беріп, «Единая Россия» билік партиясы қатарынан шығарылды.

Теракты в Дагестане
Фото: РФ Терроризмге қарсы ұлттық комитеті

Айта кетейік, 24 маусым күні Дағыстанда белгісіз біреулер православ шіркеуі мен синагогаға шабуыл жасады.

Соның салдарынан полицияның 15 қызметкері мен 4 азамат қаза болды. Оның арасында шіркеуі қызметкері де бар.

Республикада 24, 25 және 26 маусым азат тұту күні болып жарияланды.

Қайғылы жағдайға байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинге көңіл айтты.  

Соңғы жаңалықтар