Дағыстан тұрғыны шегірткелерді тірі күйінде жеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Дағыстанда шегірткелер қара бұлттай қаптады. Осыған орай өңірде төтенше жағдай режімі жарияланды. Ал жергілікті тұрғындардың бірі бұл жағдайды пайдаланып қалуды жөн көрген сыңайлы.

Дағыстан тұрғыны шегірткелерді тірі күйінде жеді

Ол тірі жәндіктерді уыстай жеп, түскі тамағының орнына пайдаланды.

«Шынында да жас жаңғақтың дәмін еске түсіреді»,-деп бөлісті өзгеше астан алған әсері жайлы.

Айта кетер болсақ, Дағыстанның солтүстігінде қазірдің өзінде 50 мың гектар жер тып-типыл болды. Шегірткелер жолында кездескен шөп түрлерін түк қалдырмай жеп, республиканың ішіне таралып барады.

Фермерлер ауыл шаруашылығы дақылдарын өз күштерімен қорғап қалуға әрекеттеніп жатыр. Олар күніне бірнеше рет танаптарға күшті химикаттар себуде, деп хабарлайды tvzvezda.ru.