Дағыстан журналисі үшінші мәрте жасалған қастандық барысында өлтірілді

АСТАНА. 9 шілде. ҚазАқпарат - Дағыстандық «Новое дело» апталығы редакторының орынбасары Ахмеднаби Ахмеднабиев Махачкаланың маңында атып өлтірілді, деп хабарлайды ВВС.
None
None

Бұдан бұрын журналистің өміріне екі мәрте қастандық жасалған екен. «Семендер елді мекенінде үйінен 50 метр жерде белгісіз біреулер журналистің машинасына оқ жаудырған. Ол алған жарақаттарынан оқиға орнында жан тапсырды»,- делінген Дағыстан ІІМ қызметкері айтқан мәліметте.

1991 жылдан бері шығарылып келе жатқан басылымда журналист саясат бөлімін басқарған көрінеді.

Соңғы жаңалықтар
Референдум