15:33, 13 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Дағыстанда 11 содырдың көзі жойылды
АСТАНА. Қыркүйектің 13-і. ҚазАқпарат - Өткен тәулікте Дағыстанда 11 содырдың көзі жойылды. Бандиттер арнайы жүргізілген екі операцияның нәтижесінде Махачкала мен Кизилюрт ауданының Комсомольское поселкесінде жойылды, - деп хабарлайды "Ресей 24″ ақпарат агенттігі.

Дағыстан астанасында содырлар тобы республикалық экстремизмге қарсы күрес агенттігінің бастығы өлтірілгеннен кейін үш сағаттан соң жүргізілген операция кезінде қоршауға алынды. Подполковник Гаджиевті сол күні таңертең атып өлтірген болатын. Содырлар жасырынған ғимараттан көп қару-жарақ пен оқ-дәрілер табылды.
Тағы да үш бандит Комсомол поселкесінде өлтірілді. Арнайы операция барысында жергілікті әкімдік басшысы Хварзат Шарипов қаза тапты. Ол содырларды ақылға келуге шақырған болатын. Тіпті оған кепілге алынған төрт жасар баланы босатудың да сәті түсті. Дегенмен, жергілікті ауыл басшысы бандиттерге екінші рет келіссөз жүргізуге барғанда, содырлар оны басынан атып өлтірді.