Дағыстанда 400-дей адам төбелесті
АСТАНА. Шілденің 31-і. ҚазАқпарат - Дағыстанда Гергебель және Гикуни селоларының тұрғындарының арасында төбелес болды. Кикілжіңнен басталып, соңы қып-қызыл төбелеске ұласқан бұл тәртіпсіздікке екі жақтан 200 адамнан қатысқан, деп хабарлайды РБК агенттігі.
Төбелес кезінде атыс қаруы да қолданылып, оқиға салдарынан үш адам қаза тапқан, бес адам жараланған.
Республиканың Ішкі істер министрлігінен хабарлағандай, қанды оқиға жұмадан сенбіге қараған түні болған. Қазір тәртіп сақшылары оқ атқандарды және төбелесті ұйымдастырғандар мен оған қатысушыларды анықтау шараларын жүргізіп жатыр.