11:00, 02 Қараша 2009 | GMT +5
Дағыстанда ауыл имамын өлтіріп кетті
АСТАНА. Қарашаның 2-сі. ҚазАқпарат - Дағыстанның құқық қорғау органдары республикада орын алған кезекті атышулы қылмыстың мән-жайын тексеруде.

«Вести» телеарнасының хабарлауынша, жексенбі күні кешке Дағыстанның Қызылюрт ауданындағы Бавтоғай ауылының имамын өлтіріп кетті. Кешкі намаздан кейін мешіттен үйіне қайтып келе жатқан 34 жастағы Тинамагомед Рамазановты белгісіз біреулер атып кеткен. Тәртіп сақшылары қылмыскерлерді іздестіруде. Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеуде.
Бұл Дағыстанда дін қызметкеріне жасалып отырған бірінші қастандық емес. Жақында Бойнақта имамның орынбасары оққа ұшқан болатын.