08:08, 30 Наурыз 2016 | GMT +5
Дағыстанда белгісіз біреулер брондалған «Урал» мен УАЗ көлігін жарып жіберді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кеше Махачкала қаласының маңында белгісіз біреулер ІІМ-нің уақытша жедел тобының брондалған «Уралы» мен УАЗ көлігін жарып жіберді, деп хабарлады РИА Новости агенттігіне республикалық ІІМ-нің өкілі.

«Шамамен сағат 20:30-да белгісіз біреулер ішінде ІІМ-нің уақытша іссапарға жіберілген қызметкерлері отырған уақытша жедел топтың брондалған «Уралы» мен УАЗ көлігін жарып жіберді. Қолдан жасалған жарылғыш зат әзірге анықталған жоқ», - деді агенттіктің әңгімелесушісі.
«Кавказ» федералдық күре жолындағы Ново-Хушет кенті маңында болған оқиға салдарынан бір адам қаза тауып, екеуі жарақаттанды.