Дағыстанда бомба жарылды
МАХАЧҚАЛА. Тамыздың 18-і. ҚазАқпарат - Дағыстандық Кизилюрт қаласындағы базардың маңында сейсенбіде, тамыздың 18-інде жарылыс болды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента.ру сайтына сілтеме жасап.
Жарылыс салдарынан төрт адам: екі милиционер және екі азамат зардап шекті. Сонымен қатар, Кизилюрт ішкі істер бөлімінде бес адамның: төрт құқық қорғау органы қызметкерінің және бір тұрғынның зардап шеккенін растады.
Осы азаматтың, сондай-ақ бір милиционердің жарақаттанғаны және үш милиционердің зақымданғаны нақтыланды.