14:52, 20 Сәуір 2011 | GMT +5
Дағыстанда федералдық іздеуде жүрген содырдың көзі жойылды
АСТАНА. 20 сәуір. ҚазАқпарат - Федеральдық іздеуде жүрген, жасырын банды тобына қатысушы бүгін таңертең Махачкалада жойылды, деп жазады Вести.ru агенттігі.
Махачкалада Мәскеу уақыты бойынша 4:30-да арнайы жүргізілген операцияның нәтижесінде Сәбитби Аманов деген Қазақстаннан келген содырдың көзі жойылып, атыс болған үйден оның мәйіті табылды. Полиция қызметкерлерінің берілуді сұраған талаптарына ол автоматтан оқ жаудырады. Қарсы атылған бірнеше оқтан содырдың көзі жойылды.
"Алдын ала алынған мәліметтер бойынша С.Аманов бұған дейін федералдық іздеуде жүрді. Ол бірқатар лаңкестік бағыттағы қылмыстар жасаған. Одан Калашников автоматы, пистолет және жарылғыш заты бар «шахид белбеуі», көптеген оқ-дәрілер алынды", - делінген қалалық Ішкі істер басқармасының мәліметінде.