15:43, 13 Шілде 2009 | GMT +5
Дағыстанда ІІМ автоколоннасын атқылады
МӘСКЕУ. Шілденің 13-і. ҚазАқпарат - Дағыстанда Ресей Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлері әскери қызметшілерінің автоколоннасын атқылау салдарынан, алдын-ала деректер бойынша, төрт адам жарақат алған,

деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК сайтына сілтеме жасап.
Республика ІІМ хабарлағанындай, автоколоннаны атқылау Мәскеу уақыты бойынша сағат 11:20-да Бойнақ ауданының Карамахи ауылында болған. Қылмыскерлер әскерилер мінген екі автокөлікті автоматты қарудан жаудырылған оқтың астына алған және орман алқабына бой тасалап үлгерген.