Дағыстанда мұнай құбырының жанында жарылыс болды

АСТАНА. 8 желтоқсан. ҚазАқпарат - Дағыстанда мұнай құбырының жанында жарылыс болды, құбыр жарылмаған, деп хабарлады республиканың құқық қорғау органдарының дереккөздері. Бұл туралы ресейлік «Жаңалықтар агенттігі мәлім етті.

Дағыстанда мұнай құбырының жанында жарылыс болды

«Оқиға жергілікті уақыт бойынша 21.00-де Карабудахкентс ауданындағы 242-ші километр жердегі "Баку - Новоресей" магистральді мұнай құбырының жанында болған. Мұнай өнімі төгілмеген, құбыр жарылмаған. Мұнай өндіру жұмыстары тоқтатылған жоқ», - деді құқық қорғау органдарының өкілі.