Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Дағыстанда полицей кафеде өз әріптестерін атып тастады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Дағыстанның Кызылюрт қаласында полиция қызметкері кафеде отырып өз әріптестеріне оқ жаудырды. Үш сақшы жарақат алған, оқиғаға байланысты қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды РИА Новости.

Дағыстанда полицей кафеде өз әріптестерін атып тастады

Оқиға сейсенбі күні болған.

«Новолакск ауданы ЖПҚ қызметшісі өз әріптестеріне оқ атқан. Оқиға салдарынан үш полицей ауруханаға түсті», - деп мәлімдеген республикалық ІІМ өкілі агенттікке.

Белгілі болғандай, полицейлер орта дәрежеде жарақат алған, олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.