Дағыстанда журналист атып өлтірілді
АСТАНА. Тамыздың 11-і. ҚазАқпарат - Дағыстанда авар тілінде шығатын «Шындық» ұлттық газеті журналисінің мәйіті табылды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат ресейлік «Жаңалықтар» агенттігіне сілтеме жасап.
«Шындық» газетінің журналисі Ахмедилов Махачқаланың шетінде орналасқан «Пальмира» саяжай кентінде сейсенбі күні өлі күйінде табылды. Журналист отандық автокөлікте ішіне тиген оқтан жарақат алған», - деп хабарлаған республикалық ІІМ өкілі агенттікке.