Дағыстандағы лаңкестік: екі адам көз жұмып, 27 адам жараланды
АСТАНА. 15 ақпан. ҚазАқпарат - Тергеу мәліметтері бойынша, Дағыстанның Қарабудахкент ауданының Губден ауылында лаңкес-жанкешті іске қосқан қолдан жасалған жарылғыш заттың салдарынан екі адам көз жұмып, 27 адам жарақат алды, деп жазады "Интерфакс".
"Басқа бір мәлімет бойынша, бірінші жарылыс кезінде бір адам қаза тауып, бес адам жараланған. Ал екінші жарылыстан тағы бір адам көз жұмып, жиырма екі адам жараланған», - деп хабарлайды «Интерфакс» агенттігіне Солтүстік Кавказ аймағы бойынша Тергеу басқармасының кезекші бөлімінен. Шұғыл-тергеу бригадасы жұмыстарын одан әрі жалғастыруда.