Дағыстандағы сәбидің денесінде Құран сөздері пайда болды

АСТАНА. Қазанның 12-сі ҚазАқпарат - Дағыстанның Кизляр ауданындағы Қызыл Октябрь ауылында тұратын жас шаңырақ Якубовтар отбасында бұдан тоғыз ай бұрын ерекше бала дүниеге келген болатын. Бұл жөнінде Сагид Муртузалиев атындағы қайырымдылық қорының төрағасы Ахмедпаша Амиралаев әңгімелеп берді,

Дағыстандағы сәбидің денесінде Құран сөздері пайда болды

деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента. Ру сайтына сілтеме жасап.

Дәрігерлер жас ата-ананы сәбидің тек екі-үш күн ғана өмір сүретінін ескерткен болатын. Біраз уақыттан кейін бүлдіршіннің иегінде арабша жазу пайда болады. «Сәбидің денесіне «Аллаһ» деген жазу шығады. Көп уақыт өтпей араб тіліндегі ерекше жазулар бала денесінің басқа жерлерінде де пайда бола бастайды. Бір айта кетерлігі, Құран хадистерінің пайда болуы кезінде сәби денесінің қызуы 40 градусқа дейін көтерілген. Хадистер белгілі бір күндері - дүйсенбі және жұма күндері ғана пайда болған», - деді Амиралаев.

«Баланың денесінде «Менің белгілерімді адамдарға көрсетіңдер» деген жазу пайда болғанға дейін сәбидің ата-анасы осы бір ерекше құбылыс туралы ешкімге тіс жармаған. Тек, шақырумен келген «жедел жәрдем» дәрігерлері ғана бұл жазулардың куәсі болған. Осы шаңырақта соңғы болған кезімде мен «ғалам» деген жазуды көрдім», - деді Амиралаев.