Дағыстандық «Анжи» футбол клубы жанкүйерлерiне ауызашар берді

АСТАНА. 16 шiлде. ҚазАқпарат - Шілденің 14 күні футболдан Ресей чемпионатының бірінші турында «Анжи» өз алаңында мәскеулік «Локомотивті» қабылдады.

Дағыстандық «Анжи» футбол клубы жанкүйерлерiне ауызашар берді

Ойынның қасиетті Рамазан айымен қатар келуіне байланысты, «Анжи - Арена» алаңында өз жанкүйерлеріне ауызашар берді, деп хабарлайды muftyat.kz

Осы шарада ораза тұтқан жанкүйерлерге 300 келі құрма, 20 мың бөтелке ауыз су таратылған екен.

Естеріңізге сала кетейік, аталған ойында тараптар (2:2) есебімен тең тарасты.