Дағыстандық легионер Қазақстан атынан жолдамаға таласады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 18-20 наурызда Астанада өтетін күрес түрлерінен олимпиадалық іріктеуге қатысатын грек-рим күресінен құрама белгілі болды, деп хабарлайды alaman.kz сайты.
None
None

66 келі салмақта 2016 жылғы Қазақстан чемпионы, Дағыстаннан келген Магомед Чухалов жолдамаға таласады.

Ал 85 келіде ел чемпионы болған Нұрсұлтан Тұрсыновтың жарақатына байланысты оның орнына биыл ел чемпионатында үшінші орын алған Азамат Құстыбаев кілемге шығады.

Ал 98 келіде ел чемпионы Марғұлан Әсембеков, 130 келіде Азия ойындарының чемпионы Нұрмахан Тыналиев қатысады.

Қазақстан құрамасында әзірге бір жолдама бар. Оны былтырғы әлем чемпионатында 56 келіде Алмат Кебіспаев иеленген.

Олимпиада жолдамасын алу үшін балуандар финалға шығуы тиіс.

Соңғы жаңалықтар