«ДАИШ» хакерлері АҚШ Мемлекеттік департаментіне кибершабуыл жасады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Хакерлер АҚШ Мемлекеттік департаменті қызметкерлерінің жеке мәліметтерін ұрлап, оларды өлтіргісі келетінін айтты, деп хабарлады life.ru.

«ДАИШ» хакерлері АҚШ Мемлекеттік департаментіне кибершабуыл жасады

«Ислам мемлекеті» содырларын қолдайтын хакерлер АҚШ Мемлекеттік департамент қызметкерлерінің аты-жөндері, телефон нөмірлері және өзге жеке ақпараттарын ұрлаған. Олар дәлел ретінде бірнеше скриншот суретін де хабарламаларында жария еткен, деп жазады америкалық БАҚ.

«Біріккен Кибер-Халифат» мүшелері Мемлекеттік департамент өкілдерінің мәліметтерін ұрлап қана қоймай, оларды өлтіру үшін іздеп жүргенін мәлімдеген. Ведомствода бұл жағдайға әзірге еш түсініктеме берілген жоқ.