«Дакар-2012» раллиінің 8-кезеңінде «Астана» 4-орында келді

АСТАНА. 10 қаңтар. ҚазАқпарат - «Дакар-2012» ралли-рейдінде Артур Ардавичустің басшылығымен қатысып жатқан қазақстандық «Астана» командасы 8-кезеңде 4-орында келді,
None
None

деп хабарлайды жарыстың ресми сайты.

 А. Ардавичус осы кезеңнің жеңімпазы Алеш Лопраистан 13 минут 56 секундқа қалып қойды. Айта кету керек, жалпы есепте көш бастап келе жатқан Жерар де Рой екінші болып мәреге жетті. Бұл оның «Астана» командасынан тағы бірнеше минуттарға ұзап кетуіне мүмкіндік берді. Қазіргі уақытта қазақстандық экипаж көшбасшыдан 58 минут 40 секундқа қалып, жалпы есепте 4-орында келе жатыр.

 «Дакар» раллиінде жүк көліктерінің арасында сынға түсіп жатқан «Қазақстан» командасы болса 8-кезеңде 100-орында келді. Ол көшбасшы «МИНИ» француз командасының жүргізушісі Стефан Петерансельді өзінен 6 сағатқа ұзатып алды.   

 Биыл Аргентинадан басталған «Дакар» жарысы жалпы 14 кезеңнен тұрады.

Соңғы жаңалықтар