Дакар-2015: Қазақстандықтар жарысқа қатысушыларға арнап ет асты - ВИДЕО

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық «Астана» командасының мүшелері «Дакар-2015» жарысының демалыс күнінде сайысқа қатысушыларға арнап ақ дастархан жайып, қазақтың ұлттық тағымы - табақ-табақ ет тартты.
None
None

Айта кетейік, Қазақстан «Дакаре - 2015» жарысына Astana Motorsports командасының үш жеңіл, бір жүк көлігін үкілеп қосып отыр. Жол талғамайтын көліктер санатында Т1 класты екі экипаж өнер көрсетуде. Олар MINI көлігіндегі жүргізуші Айдын Рахымбаев пен жолсілтеуші Антон Николаев, Toyota Overdrive көлігінің тізгіншісі Бауыржан Исабаев пен жолсілтеуші Владимир Демьяненко.

Т2 класында жүргізуші Денис Березовский мен жолсілтеуші Игнат Фальков Nissan Patrol автокөлігінде өнер көрсетеді.

Жүк көлігі санатында (Т4) «Дакар-2012» жарысының қола жүлдегері Артур Ардавичус пен оның жол сілтеушісі Алексей Никижев және механик Даниэль Козловский Tatra автокөлігімен жарысады.

Соңғы жаңалықтар