Дакар-2026: Қазақстан атынан жасөспірімдер Олимпиадасына кімдер қатысады

АСТАНА. KAZINFORM — Дакарда өтетін жасөспірімдер Олимпиадасына Қазақстаннан 18 спортшы қатысады. Олар 11 спорт түрі бойынша ел намысын қорғайды. Намысты дода 31 қазан күні басталады. Бұл туралы ҰОК мәлім етті. 

Дакар-2026: Қазақстан атынан жасөспірімдер Олимпиадасына кімдер қатысады
Фото: olympics.com

Дакардағы жасөспірімдер Олимпиадасы 2026 жылғы 31 қазан мен 13 қараша аралығында өтеді. Бұл — Африка құрлығында ұйымдастырылатын алғашқы Олимпиада ойындары.

Қазақстан құрамасының тізімі

Брейкинг (Breaking)

— Айзара Жұмабекова 

Таэквондо

— Любовь Юн 

Көркем гимнастика

• Ева Тациева 
• Андрей Терман 

Жағажай волейболы

• Әлихан Ағабек 
• Оразалы Сағыныш 

Бокс

• Бибарыс Ашырбай 
• Марал Төлепберген 
• Ақнұр Тұрсынғали 

Жүзу

• Анатолий Руденко
• Дарья Чеснокова 

Дзюдо

— Фатима Супығалиева 

Триатлон

— Рамазан Айнеғов 

Велоспорт (тасжол)

• Глеб Новиков 
• Әнел Ташбай 

Жеңіл атлетика

• Маргарита Коссинова 
• Максим Сажнев 

Семсерлесу

— Айбар Қайым 

Ал Дакарда (Сенегал) өтетін 2026 жылғы жасөспірімдер Олимпиадасының ұйымдастыру комитеті жарыстардың билеттерін тамыз айында сата бастаған болатын.