«Дакар» раллиінде мотоцикл шабандозы мен екі көрермен мерт болды

АСТАНА. 11 қаңтар. ҚазАқпарат - Оңтүстік Америкадағы «Дакар» раллиінде үш адам мерт болды, оның біреуі бельгиялық жарысқа түсуші Эрик Палант және екі көрермен.

«Дакар» раллиінде мотоцикл шабандозы мен екі көрермен мерт болды

Мотоцикл шабандозы өлімінің жай-жапсары әзірге белгісіз. Оның денесі аргентиналық Чилесито және Тукуман қалалары арасында табылды.

50 жасар Палант «Хонда» командасы үшін жарысқа түскен болатын. Бұл оның он бірінші «Дакары» екен.

Ажал құшқан қалған екі адам көрермен болған көрінеді, олар жарыстың пелотоны соңынан еріп жүрген. Бұл екі адамның көлігі жолдың қауіпті учаскесінде аударылып түскен.

«Дакар» раллиінің бағдары Перу, Чили және Аргентина секілді үш елдің бойымен өтуге негізделген. Ралли-марафон әлемге бұдан бұрынғы «Париж-Дакар» атауымен танылмал. Соңғы алты жыл бойы ол Оңтүстік Америкада өткізілуде.