«Дакар» раллиінің 4-кезеңінде «Астана» командасының жүргізушісі аударылып қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Дакар-2018» жарысының төртінші кезеңінде қазақстандық Максим Антимиров квадроциклі аударылып, жарақат алғанына қарамастан, өміріндегі ең қиын жарысты жалғастырып, мәреге жетті, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.

«Дакар» раллиінің 4-кезеңінде «Астана» командасының жүргізушісі аударылып қалды

Сан-Хуан-де-Маркона маңындағы 444 шақырымдық 4-кезең жарыстың үш фавориті үшін бағынбайтын белеске айналды.

«Астана» командасының намысын қорғап жүрген Максим Антимиров шұғыл тежегішті басуға мәжбүр болып, аударылып түсті. Аяғынан ауыр жарақат алып, көп уақыт жоғалтса да, мәреге 42-орында келді. Дмитрий Шилов Сан-Хуан-де-Марконаға жоғары қарқынмен, 11-орында келді. Бұл Қазақстан өкіліне жалпы есепте 17-орынға көтерілу мүмкіндігін берді.

Iveco мінген Артур Ардавичус бесінші орында келе жатқан, алайда күтпеген тосқауылға кез болып, жүк көліктері арасында он бірінші орында мәреге келді.

Квадроциклдер. Төртінші кезең

1.Сергей Карякин (Snag Racing Team) - 04:56.34

2. Игнасио Касале (Casale Racing) +00:00.43

3. Алексис Эрнандес (Alexis Hernandez Racing) +00:05.31

4. Густаво Каллего (Gustavo Callego Competicion) +00:08.01

5. Аксель Дютри +00:08.14

...11. Дмитрий Шилов (Astana) +00:26:26

...42. Максим Антимиров (Astana) +06:33:16

Жалпы есеп

1.Игнасио Касале (Casale Racing) - 13:00.42

2. Сергей Карякин (Snag Racing Team) +00:25.30

3. Алексис Эрнандес (Alexis Hernandez Racing) +00:35.01

4. Пабло Копетти (MX Devesa by Berta) +00:40.00

5. Густаво Каллего (Gustavo Callego Competicion) +00:44.16.

...17. Дмитрий Шилов (Astana) +03:53:08

...31. Максим Антимиров (Astana) 07:58:43

Жүк көліктері. Төртінші кезең

1. Эдуард Николаев («КАМАЗ-мастер») - 4:35.08

2. Федерико Вильягра (Iveco) +27:57

3. Мартин Коломы (Tatra) +38:49

4. Терухито Сугавара (Hino) +1:13.15

5. Герт Хузинк (Renault) +1:16.33

6. Мартин Мацик («Лиаз») +1:21.33

7. Айрат Мардеев («КАМАЗ-мастер») +1:23.31

8. Мартин Шолтыс (Tatra) +1:23.38

9. Сергей Вязович («МАЗ») +1:28.51

...11. Артур Ардавичус (Iveco) +1:44.47.

Жалпы есеп

1. Эдуард Николаев («КАМАЗ-мастер») - 12:22.27

2. Федерико Вильягра (Iveco) +36.55

3. Сергей Вязович («МАЗ») +2:22.23

4. Мартин Мацик («Лиаз») +2:22.57

5. Терухито Сугавара (Hino) +2:56.34

...10. Артур Ардавичус (Iveco) +4:12:31.