«Дакардың» Екатеринборлық қатысушысы «Жібек жолы» раллиінен шығып қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Екатеринборлық автораллиге қатысушы Сергей Карякин «Жібек жолы» ралли-марафонына қатысуын мерзімінен бұрын аяқтады.

 «Дакардың» Екатеринборлық қатысушысы  «Жібек жолы» раллиінен шығып қалды

Оның баггиінің қозғалтқышы қысымды көтере алмай, спортшы өзінің  штурманы Антон Власюкпен  жарыс жолынан шығуға мәжбүр болды, деп хабарлады «Екатеринбург онлайн».

«Жібек жолы» раллиі біз үшін ерте аяқталды,  - дейді Сергей Карякин. - Мәреге 20 км қалғанда қозғалтқышта ақаулықтар туындады. Мәреге өзге экипаж жетуге көмектесті. Оған алғысымызды айтқымыз келеді. Таныстарымызға хабарластық, қолдан келгенін жасадық, алайда жарыстан шығуға мәжбүр болдық».

Еске сала кетейік, алтыншы «Жібек жолы» ралли-марафоны 8 шілдеде Мәскеуде Қызыл алаңнан басталды. Қатысушылар Мәскеуден Бейжіңге дейін Қазақстан арқылы 10 мыңнан астам шақырым жолды жүріп өтпек.