Дәл қазір 34 мыңнан астам адам тасқынмен күресіп жүр

АСТАНА. KAZINFORM - Үкімет Қазақстанның батыс және солтүстік өңірлеріндегі ауқымды су тасқынын болдырмау және оның салдарын жою үшін қажетті күштер мен құралдарды жұмылдырды. Бұл жайында Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады. 

тасқын су
Фото: Маңғыстау облысы ТЖД
Правительство РК наращивает силы для борьбы с паводками
Фото: Primeminister.kz

Бүгінгі таңда апатты-құтқару жұмысына ТЖМ, Қорғаныс министрлігі, ІІМ, ҰҚК, МКҚ, әкімдіктер мен ұйымдардан тәулік бойы 34 мыңнан астам адам, 4 мыңнан астам техника, 890 сорғы және 335 қайық, 19 әуе кемесі тартылды.

тасқын
Фото: ҚР Үкіметі

Су тасқыны басталғалы бері Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарына Ақмола, Алматы, Қарағанды, Павлодар, Түркістан және басқа облыстардан 1 мыңнан астам арнайы техника мен жеке құрам жіберілді.

техника
Фото: ҚР Үкіметі

Бүгінде зардап шеккен өңірлерге қосымша 500-ден астам арнайы техника жолға шықты. Олар 2 тәулік ішінде жетуге тиіс.

техника
Фото: ҚР Үкіметі

Осы орайда жергілікті жерлерде өзендер мен су айдындарының жанында орналасқан елді мекендерді қызыл судан қорғау бойынша қажетті жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өткен жөн. Қорғаныс құрылыстары мен бөгеттер салынып, еріген қар суын шығару қолға алынып, инертті материал толтырылған қапшықтар төселуде.

Аэровизуалды тексеру мен дрондардың көмегімен өзендердегі және су қоймаларындағы жағдайға тәулік бойы мониторинг жүргізілуде.

техника
Фото: ҚР Үкіметі

 

Соңғы жаңалықтар