«Дала қыраны» оқу-жаттығуына қатысушылар Қазақстанға келе бастады
ТАНА. 1 тамыз. ҚазАқпарт. Ашылуы 8 тамызда болатын, «Дала қыраны - 2011» тактикалық-арнайы бітімгершілік оқу-жаттығуының бірінші даярлық сатысы бүгін «Іле» оқу орталығынның базасында басталды.
Биыл қатысушылар құрамы айтарлықтай кеңейді - қазақстандық бітімгершілік «Қазбриг» және «Қазбат», АҚШ армиясы мен Ұлыбритания, Латвия, Тәжікстан және Қырғызстан жеке құрамы. 1400-ден астам әскери қызметші мен жүзге жуық жауынгерлік техника бар.
Қазір жаттығудың шетелдік қатысушылары Қазақстанға келіп, «Іле» полигонының дала лагерінде орналасып жатыр. Мұнда жаттығудың салтанатты ашылуына дейін қазақстандық және шетел бөлімшелері дала лагерін құрады, оқу-материалдық базаны даярлап, қарқынды әзірленеді, қақтығыс аймағында бітіміршілік бөлімшелерді қолдануды жоспарлайды. Себебі жаттығуда штабтар жұмыстарын ұйымдастыру өте маңызды рөл атқарады. Дәл осы жерде іс-қимылдар жоспары әзірленіп, кейін қорытындыланады. Әскери қызметшілер баяндауларды басшылыққа орыс, қазақ және ағылшын тілдерінде жүргізеді.
Үш апта бойында алты армия әскери қызметшілері бітімгершілік операциялар өткізу кезіңде өзара әрекеттесу, жауынгерлік және жедел үйлесімділік бойынша жаттығады.
Бітімгершілердің халықаралық ережелердің барлық талаптарын орындаумен бітімгершілік операцияны өткізуі - оқу-жаттығудың шарықтау шегі - белсенді сатысы болады. «Дала қыраны - 2011» оқу-жаттығуын өткізу ауданы кеңейтілгендігін де атап өткен жөн, оған «Іле», «Шошқалы» полигондары, «Жаңа Іле» қону алаңы мен «Берег» оқу орталығы кіреді.
Жаттығуға Қазақстан Әуе қорғаныс күштері армиялық авиациясының тікұшақтары, қалқымалы-көпір батальоны, әскери полиция өкілдері мен Қазақстан Қорғаныс министрлігінің курсанттары тартылады.
Оқу-жаттығулар нәтижесінде әскери қызметшілердің бітімгершілік операцияларға даярлық деңгейін шетел мемлекеттерінен келген әскери бақылаушылар, НАТО түрлі штабтары мен Қазақстан Республикасында аккредиттелген әскери-дипломатиялық корпустың сарапшылары бағалайды.