Дала өрті: Күйік шалған өрт сөндірушілердің жағдайы белгілі болды

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Абай облысында күйік жарақатын алған екі өрт сөндірушінің бірі жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Абай облысы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Жарма ауданы Бозжыра ауылдық округінде дала өртін сөндіру кезінде денесін күйік шалған екі өрт сөндіруші қазір ауруханада жатыр.

«№22 өрт сөндіру бөлімшесінің командирі Амангелді Тұрлыбеков шұғыл түрде республикалық медициналық авиациямен Семей қаласының жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді. Қазір жансақтау бөлімінде жатқан азаматтың жағдайы ауыр», - делінген ақпаратта.

Ал аталған бөлімнің өрт сөндіруші-құтқарушысы, азаматтық қорғаудың қатардағы қызметкері Нұрлан Сәлімжанның қолын термиялық күйік шалған.

«Ол Жарма ауданы Шар қаласындағы ауруханада дәрігерлердің бақылауында. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып, толық ақпарат жиналып жатыр», - делінген әкімдік хабарламасында.

Еске салсақ, осыған дейін Абай облысында 3 өрт сөндірушіні күйік шалып, олардың бірі көз жұмғанын хабарлаған едік. Қаза болған 36 жастағы сержант Айдос Тоғызбаевтың артында 5 баласы қалды. Ол ІІІ дәрежелі «Айбын» мемлекеттік наградасына ұсынылды.



Видеодан алынған кадр




Соңғы жаңалықтар