06:34, 15 Қыркүйек 2017 | GMT +5
Дала өртіне байланысты Орал-Ақсай тасжолы жабылды - БҚО
АСТАНА. ҚазАқпарат - БҚО-да Долинное елді мекені маңында дала өртеніп жатыр, деп хабарлайды «Уральская неделя».
«Өрт ауқымы өте үлкен. Тіпті, қарауға қорқасың», - дейді жүргізушілер.
Жолға шыққан жолаушылар қайта қалаға қайтып жатыр.
Бұған дейін басылым хабарлағандай, Батыс Қазақстанда далада алапат өрт болып жатыр. Тілсіз жауды толықтай ауыздықтау мүмкін болмауда, күшті жел өртті өршітіп жіберіп тұр.
Оралдың өрт сөндіру қызметінің хабарлауынша, жалын 50 гектар жерді шарпыған.