Даланың шаңын шығарған «Дакар» басталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жыл ауысқан кезде көлікті тізгіндегендер жарысқа шығады. Талайдан келе жатқан дәстүр бұл. Бұрын Африка жолдарын шаңға бөктіруші еді. Енді Латын Америкасына ауысты, деп жазады «Хабар 24».
«Дакар 2017» аталған додаға Қазақ елінен де команда барған. Жүк көлігімен жүйткігендер арасында Артур Ардавичус әзірше ондықтан орын алды. Жеңіл көлікте Денис Березовский топ бастаушылар қатарында.