08:17, 11 Наурыз 2009 | GMT +5
Далай-лама Қытайды Тибет мәдениетін жоюда деп айыптауда
МӘСКЕУ. Наурыздың 11-і. ҚазАқпарат - Қытайдың орталық үкіметі Тибет бірегейлігін «басып-жаншу» саясатын жүргізіп отыр, деп мәлім етті буддашылардың рухани жетекшісі Далай-лама.
Тибеттіктердің мәдениеті мен бірегейлігі «жойылып кетудің алдында тұр», деп ескертті Далай-лама Тибеттегі Қытайға қарсы көтерілісті басудың 50 жылдығына арналған сөзінде, деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап.Далай-ламаның айтуынша, Қытай үкіметі «Тибет адамдарын өлім жазасына лайықты қылмыскерлер ретінде бағалайды».