Дәленов: ҰЭМ статистикалық деректерді есептеу әдістемесін жан-жақты түсіндіретін болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Руслан Дәленов баспасөз мәжілісі барысында мемлекеттік статистика мен есеп енгізу әдістемесін жетілдіру туралы баяндады, деп хабарлайды аталған ведомствоның баспасөз қызметі.
««Қазақстанның үшінші жаңғыруы» жаңа жоғары технологиялық саланы, барлық жерде инновацияларды қолдануды білдіреді. Цифрлық экономика дамиды, бұл - жаһандық тренд. Және де «жаңа экономика» статистиканы айналып өтпеуі тиіс. Сондықтан біз әдістемені заманауи халықаралық тәжірибе негізінде жетілдірудеміз. Сонымен қатар статистика сайтында жаңа «3.0 Жаңғыру» бөлімін ашамыз. Статистика Қазақстанның үшінші жаңғыртылуын есептейтін болады», - деді Дәленов.
Ол статистиканың ағымдағы жұмыстары да қайта жаңартылатынын атап өтті.
«Біз цифрларды тұрақты негізде жан-жақты түсіндіретін және қосымша есеп әдістемесін де айтатын боламыз», - деді Дәленов.
Сонымен қатар, статистика сайтындағы барлық әдістемелер көрсеткіштердің қалай есептелетінін мысалдар арқылы ашып көрсететін болады. Бұл үшін арнайы айдар ашылады, бұл арқылы сенімділік пен кері байланыс арттырылады.