Даллмэн астаналық «Барыс» клубына қайта оралады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Санкт-Петерборлық «СКА» командасының қорғаушысы Кевин Даллмэн астаналық «Барысқа» қайта оралуы мүмкін, деп хабарлайды vesti.kz сайты.
33 жастағы хоккейшінің келісімшарты 2014 жылдың 30 сәуірінде аяқталады. Спорт басылымдарының жазуынша, оның «Барыс» клубына қайта оралуының басты шарты ретінде Даллмэннің Беларусь елінде өтетін әлем чемпионатында Қазақстан құрамасында ойын көрсетуі жөнінде талап бар.
Спорт-Экспресс сайтының хабарлауынша, Даллмэн астаналық командамен 3 жылға келісімшарт жасамақ. «Барыс» сапында хоккейші 2008-2012 жылдар аралығында төрт маусым бойы ойнаған болатын.
Биылға маусымда Кевин Даллмэн чемпионатта өткізген 29 матчта 9 ұпай (5+4) және плей-офф кезеңінде өткен 10 ойында 9 ұпай жинады.