Дамашықта әскери тексеру пунктінде жарылыс болды

АСТАНА. ҚазАқпарат -   Дамашықтағы Машруу Думмар кварталында әскери көлікті тексеру пунктінде жарылыс болды, зардап шеккендер бар, деп хабарлады  РИА Новости агенттігі.   

Дамашықта әскери тексеру пунктінде жарылыс болды

"Машруу Думмарда әскери тексеру пунктінде қуатты жарылыс болды, мина көлікке қойылған болуы мүмкін,  зардап шеккендер бар", - деді агенттіктен.  

Осыған ұқсас жағдай 23 мамырда Сирия астанасы маңында  орын алды. Жарылыс әуежай жолынан қалаға кіреберісте бақылау-өткізу пунктінде болды. Оны көлікке мина қойған жанкешті жүзеге асырған. Одан бөлек әскерилер жарылғыш зат қойылған тағы бір көлікті ұстап үлгерген.