Дамаск Астанада Сирия бойынша өтетін ақпандық кездесуге қатысатынын растады

АСТАНА. ҚазАқпарат  -  Дамаск 15-16 ақпанда Астанадағы Сирия бойынша кездесуге қатысады, деп хабарлады Мәскеудегі САР елшісі Рияд Хаддад.  

Дамаск   Астанада Сирия бойынша өтетін ақпандық кездесуге қатысатынын растады

Қазақстан СІМ сенбі күні Сириядағы жағдайды реттеу бойынша елордада өтетін жаңа отырысқа үкімет делегациясы, қарулы оппозиция, БҰҰ арнайы елшісі Стаффан де Мистура, сондай-ақ АҚШ және  Иордания өкілдері шақырылғандығын мәлім етті.

«Иә, біз қатысамыз», - деді елші сириялық делегацияның қатысатындығын растап.

Ол Астанаға дүйсенбі ұшып келетінін атап өтті.