Дамаск қаласында болған лаңкестік әрекет салдарынан құрбан болған адамдардың саны 40-қа жетіп, 100-ден астамы жараланған
АСТАНА. 23 желтоқсан. ҚазАқпарат. Анықталған мәліметтер бойынша, Сирия астанасы Дамаскіде болған қос лаңкестік әрекет салдарынан құрбан болған адамдардың саны 40-қа жетті, тағы 100 адам жарақаттанды. Бұған дейінгі ақпаратта 30 адам қаза тауып, 55-і жарақаттанды деп хабарланған.
Лаңкестер қауіпсіздік күштері орталықтарының қасында тұрған миналанған көліктерді жарды. Лаңкестік үшін жауапкершілікті сириялық билік «Аль-Каэда»-дан көруде.