Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Дамаск маңында екі жарылыс болды, құрбандар бар

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сирия астанасы Дамаскте екі жарылыс болды, деп хабарлады Сирияда мемлекеттік телеарнада.

Дамаск маңында екі жарылыс болды, құрбандар бар

БАҚ деректеріне сәйкес, бірінші жарылыс көлікке қойылған бомба болды. екінші жарылыс қалай болғаны әзірге нақты белгісіз. Рейтер  бомбаны жанкешті жарғанын мәлімдеді. 

Агенттіктің деректеріне сүйенсек, 2 адам қаза тапқан. Жараланғандар бар.

Жарылыс экстремистік топтың жиі нысанасына айналатын Саид Зейнаб мавзолейі ауданында шейіттер қаласының оңтүстігінде орын алды.

Осы өңірде болған жарылыс жауапкершілігін Ресейде және басқа елдерде тыйым салынған «Исалм мемлекеті» тобы бірнеше рет өз мойнына алған.