Дамаск мешітіндегі жарылыста әлемдегі ірі ғалымдардың бірі шейх Рамазан әл-Бути қаза тапты

АСТАНА. 23 наурыз. ҚазАқпарат - 21 наурыз күні Дамаскінің солтүстігінде орналасқан мешіттердің бірінде үлкен жарылыс болып, көптеген мұсылмандар қаза тапты.
None
None

Шейіт болғандардың ішінде бүгінгі күннің танымал ғалымы, діндар Мұхаммед Саид Рамазан әл-Бути де бар. Бұл жайында сириялық телеарналар хабар таратты.

Полиция қызметкерлерінің таратқан мәліметіне қарағанда, мешітке жарылыс затты жанкешті алып кіріп, өзімен қоса жарып жіберген. Бұл кезде шейх әл-Бути жамағатқа дәріс жүргізіп тұрған. Лаңкестік актінің салдарынан 21 адам көз жұмды.

muslim.kz сайтының жазуынша, Сириядағы танымал ғалым Мұхаммед Яғқұб әлемдегі ірі ғалымдардың бірі болған әл-Бутидің дүниеден озғанын естіп, қабырғасы қайысып отырғанын айтты. Оның айтуынша, әл-Бутидей ғалымның көз жұмуы күллі үмбет үшін орны толмас қаза болды.

Мұхаммед Яғқұб бүгінгі режимнің тым шектен шығып бара жатқандығынан әл-Бутидің Сириядан кеткісі келіп жүрген жоспары барын айтты. «Мұны білген режим де одан құтылғысы келгендей», - дейді ол.

Рамазан әл-Бути ислам дініне және Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) өміріне қатысты көптеген еңбектер мен кітаптардың авторы. Қартайғанына (83 жас) және елдегі қиын жағдайға қарамастан шейх шәкірттеріне дәріс беруін тоқтатқан емес.

Соңғы жаңалықтар