Дамаск орталығында екі миномет снаряды жарылды

ӘБУ-ДАБИ. 9 қазан. ҚазАқпарат - Дамаскідегі Сирияның орталық банкі ғимаратының аумағында сәрсенбі күні таңертең екі миномет снаряды жарылды, деп хабарлайды Sky News телеарнасының араб хабары.
None
None

Қазіргі уақытта Дамаскіде БҰҰ халықаралық инспекторлары химиялық қаруды жою жөнінде өз жұмысын жүргізуде. Бәз біреулер бүгін таңертең бір топ инспектордың Дамаскідегі «Four Seasons» қонақүйінен шығып, Біріккен Ұлттар Ұйымының таңбасы бар автокөлікпен белгісіз бағытта кетіп бара жатқанын көрген. Оларың атап өтуінше, БҰҰ қызметкерлері каскалар мен сауытты желеттер киіп алған.

Жуырда БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун Сириядағы химиялық арсеналды жою үшін Біріккен ұлттар және ХҚТҰ бірлескен уәкілдігін құруды ұсынды. Ұсынысқа сәйкес, ХҚТҰ және БҰҰ бірлескен уәкілдігі Кипрде негізденеді және оған шамамен екі жүз адам кіреді.

Соңғы жаңалықтар